Ал сауалнамаға қатысушылардың төрттен бір бөлігінің пайымдауынша, штрих-кодты пайдалануға енгізу кері ықпалын тигізеді деген пікірде. Өйткені, сол арқылы дауыс беру құпиясы бұзылады, дейді олар. Респонденттердің 36,2 проценті сұраққа жауап беруден тосылды.
Электронды дауыс беру жүйесін енгізуді қазақстандықтардың 43,9 проценті қолдаса, 25,5 проценті қарсы. Сауалнамаға қатысушылардың 28,7 проценті бұл сауалға жауап бере алмады.
Қазақстанның әлеуметтанушылары мен саясаттанушылары қауымдастығының сарапшылары «электронды дауыс беру жүйесі мен штрих-кодты пайдалануға енгізу сайлаушылардың басым бөлігі тарапынан күмәнсіз қолдауға ие болған жоқ. Электронды дауыс беру жүйесін қолдау деңгейі екі апта бойына 44 процент мөлшерінен аспады»,- дейді. «Бұл әрине, үлкен көрсеткіш. Дейтұрғанмен, басымдыққа әлі де қол жеткізілген жоқ. Әзірге сайлаушылар аталмыш жаңалықтарға енді ғана бейімделе бастады деуге болады»,- дейді сарапшылар.