Ресейлік "ТНТ" арнасының ұйымдастыруымен Қазақстанда "Астана" квн командасының концерті өтпек - kaz.caravan.kz
  • $ 479.05
  • 534.57
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресейлік "ТНТ" арнасының ұйымдастыруымен Қазақстанда "Астана" квн командасының концерті өтпек

Ресейлік "ТНТ" арнасының ұйымдастыруымен Қазақстанда "Астана" квн командасының концерті өтпек

Ресейлік "ТНТ" арнасының оның ішінде "Comedy club production" ұйымдастыруымен Қазақстанда "Астана" квн командасының концерті өтпек.

  • 25 Қыркүйек 2023
  • 44
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Асхат Садырбай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ресейлік “ТНТ” телекомпаниясы ұсынады деген жарнамаға көзім түсті. Астана квн командасы Қазақстан қалаларына концерт қояды екен. Ұйымдастырушы көрші елдің компаниясы. Қызық, сонда ол концерттерден түсетін пайда кімнің қалтасына кетеді? Қанша түсетініне көз салып әдепсіз болмайық. Қайда?..

Осы көрші елдегі КВН ге біздің команда неше жыл барды. Қаншама жыл, уақыт, энергия. қаражат жұмсады. Бірақ неше рет жеңіске лайық ойын көрсетсе де чемпиондықты ала алмады. Масляковпен қош айтысып кеткен соң сол квн ді бас қаламызда өткізді. Сол жерде ғана оларға чемпиондықты берді. Не үшін? Неге? Сондай жеңіс керек пе еді, білмеймін. Ол “Казахи” квн командасы болатын. Ал, концерт қойғалы жатқан сол команданың ізбасарлары “Астана” квн командасы", — деп жазды Асхат Садырбай.