Терроризмді насихаттаған Ұлытау тұрғынына сот үкімі шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Терроризмді насихаттаған Ұлытау тұрғынына сот үкімі шықты

Терроризмді насихаттаған Ұлытау тұрғынына сот үкімі шықты

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлытау өңірі тұрғындарының біріне қатысты терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыру мен лаңкестік топтың әрекетіне қатысу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді. 

  • 25 Қыркүйек 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды. 

Комитет мәліметінше Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты тұрғынды осы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда «ДАИШ» (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды.


#ұлытау