"Жолаушыны ұрып тастаған": Әлеуметтік желіде сақалды ер адамның терезеден секіріп қашқан видеосы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жолаушыны ұрып тастаған": Әлеуметтік желіде сақалды ер адамның терезеден секіріп қашқан видеосы тарады

"Жолаушыны ұрып тастаған": Әлеуметтік желіде сақалды ер адамның терезеден секіріп қашқан видеосы тарады

Әлеуметтік желіге ақтөбелік әйел күйеуін қоғамдық көлікте бейтаныс сақалды ер адамның ұрғанын айтып, видео жариялаған. 

  • 27 Қыркүйек 2023
  • 301
Фото - Caravan.kz

Кейін белгілі болғандай, оқиға 22 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Актюбинский вестник"- ке сілтеме жасап.

Соққыға жығылған ер адамның әйелі автобус жүргізушісінен есіктерді ашпауды талап етіп, полиция шақырған. Бірақ, ер адам полиция келем дегенше ашық тұрған терезеден қашып кеткен. 

Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтаған. 40 жастағы ер адам полиция бөлімшесіне жеткізілген. Ол автобус жолаушысымен жанжалдасып қалғанын, сол себепті қол көтергенін айтып, әрекеті үшін кешірім сұраған. 

 ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 1-бөлігі "Бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізііліп жатыр. Баптың санкциясында 2 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу немесе түзеу жұмыстары, 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстарға тарту, екі жылға дейінгі мерзімді бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы көзделген.