Нарық талабы бір орында тұрмайды. Технологиялық өзгеріс болған сайын білім ескіреді, кейбір мамандықтарға нарықта сұраныс азаяды. Ал кей мамандықтарға сұраныс артады. Мәселен, пандемия кезінде әлем бойынша дәрігерлер, вирусологтар, медицина саласындағы ғалымдарға сұраныс артты. Бірақ әрі қарай да осылай жалғаса береді деген сөз емес. Сарапшылардың сөзінше, ХХІ ғасырда компьютер, ІТ салаларына байланысты мамандықтарға сұраныс артады. Өйткені қазір дүние жүзінде жасанды интеллект қарқынды түрде дамып келеді.