«Алтын тобылғы» байқауына 18-35 жас аралығындағы жас қаламгердің қазақ және/немесе орыс тілдеріндегі шығармасы қабылданады. Автор екі номинацияға бойынша қатысуға құқылы. Ескерте кететін жайт, байқаудың бұрынғы жеңімпаздары қатыса алмайды. Бір автордан бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған екі шығармаға дейін қабылданады.
Байқау номинациялары:
— «Жылдың үздік прозасы»;
— «Жылдың үздік поэзиясы»;
— «Жылдың үздік драматургиясы»;
— «Жылдың балаларға арналған үздік шығармасы»;
— «Жылдың үздік киносценарийі»;
— «Жылдың үздік фантастикалық шығармасы»;
Қор биыл ««Жаңа Қазақстанның жасампаз ұрпағы» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды» арнайы номинациясын да тағайындаған. Жеңімпаз «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының лауреаты атанып, 2 млн.теңге көлемінде ақшалай сыйлық алады. Ал арнайы номинация жеңімпазына 3 млн. теңге беріледі.
Қатысу үшін өтінімді (шығарманы) пошта арқылы Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1А, Нұрсұлтан Назарбаев Қорына немесе at2022@fnn.kz электрондық мекенжайына жіберу керек. Өтінім 30 қазанға дейін қабылданады.
Толық ақпаратты fnn.kz сайтынан немесе 8 (7212) 767012 телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы біле аласыз!