"Малға шөп салған сайын мал қорада зорлаған": Өгей әкесі 10 жасар қызын 2 жыл бойы зорлаған деген күдікке ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Малға шөп салған сайын мал қорада зорлаған": Өгей әкесі 10 жасар қызын 2 жыл бойы зорлаған деген күдікке ілінді

"Малға шөп салған сайын мал қорада зорлаған": Өгей әкесі 10 жасар қызын 2 жыл бойы зорлаған деген күдікке ілінді

Алматы облысы, Ақши ауылында 2 жыл бойы 10 жасар қызды қорлаған өгей әкесі болуы мүмкін.

  • 6 Қазан 2023
  • 4583
Фото - Caravan.kz

Өгей әкеден қорлық көргені жайлы қыз бірінші әжесіне жазғы демалыста айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы "Көреміз" бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Бұл — қызымның екінші некесі, бұл ер адамнан 2 баласы бар. Бірге тұрып жатқандарына 5 жыл болды. Мына қыз бірінші күйеуден. Немерем каникулда үйге келгенде "Әже маған папа тиіседі, аяқ-қолдарымды, сандарымды сипайды" деп айтты. Тиісе ма деп сұрап едім, тиісті деді. Мен мамасына бірден хабарлама жаздым. Ол мүмкін емес деп сенбеді. Барып, өзінен сұраймын деді. Ертесіне ақылы гинекологқа апардым, сол жақта өзгеріс бар деп айтты. Қыз қалай болды, не болды бәрін айтып берді. Бұл қызды 2 жыл бойы зорлап келген. Машинада болған, үйде болған, жұмысына алдап алып кеткен. Жататын жеріне апарады екен, алдына да артына да тиіскен", — дейді әжесі.

Ал  қыздың анасы кейінгі кездері күйеуінің өзіне суып кеткенін байқаған. 

"Мен жұмыс істеп жүрген кездері үнемі менімен болып жүретін. Босанғаннан кейін менімен бірге жатпайтын болды. Бөлек жатады, мен қасына жатсам сен бөлек жата берші, бала жылай береді дейтін. Мен қызбен сөйлесетін шығар деп ойлайтынмын. Себебі, телефонымды ұстама деп айтатын. Бірақ зарядкаға қойғанда телефонын көрдім. Мен оның телефонын көрген кезде порно сайттан "с дочкой" дегенін көріпті. Сосын мен қорқып кеттім, бірақ менің қызым емес шығар, жәй көрген шығар деп ойладым. Бір аптадан кейін қызым айтқанда күмән расталды. Құшақтағанын көрдім, жұмысқа, магазинге алып кеткенде түсіне бастадым. Одан басқа ешкім болуы мүмкін емес. Біздің үйге ешқандай ер адам келмейді", — дейді қыздың анасы Мадина.

Психолог маман күдікті зорлық-зомбылықты жоспарлы түрде жасағанын айтады.

"Ұзақ уақыт қызды бейімдеп, дайындап алып зорлаған. Бойын үйретіп алғаннан кейін ғана кіріскен. Қорқыту, ұру арқылы қыздың өзін кінәлі сезінуін пайдаланған.Қасақана, жоспарлы түрде жасалған зорлық-зомбылық. Медицина тілімен анық-қанығын айтпай-ақ қояйын.Бірақ, қызға зорлық-зомбылықтың барлық түрін жасаған", — дейді Маржан Жомартқызы.


Өгей әкесі қызды біреуге айтсаң өлтірем, ұрамын деп қорқытқан көрінеді. 

"2 жыл бойы мамаңа айтпа ұрамын, өлтіремін деп қорқытқан. Қызымның қыздық пердесі бүлінген. Қызымды жуындырғанда ашып ауырып жүр деді. Бірақ, мен жаман нәрсе ойлап, жамандыққа қимадым, жуынбағаннан шығар деп ойладым. Малға шөп салған сайын мал қорада зорлайды екен. Малға мен шығамын десем апармайтын. Қызым малға шыққан сайын жылап келетін. Папам шымшыды деп айтатын. Душта, залда, қызымның бөлмесінде, менің бөлмемде болған. 2 жылдан бері маған төсек жағынан жақындамайтын болды. Эротикалық видеоларды көп көретін. Асқар 5 рет үйленген, мен бесінші әйелімен. Үш әйелінен бала бар", — дейді қыздың анасы Мадина. 

 

"Менің өгей әкем бірінші тиісуді менің бөлмемнен бастады. Содан кейін мамамның бөлмесінде, залда, қорада, машинада болды. Мені массаж жасауға шақырады, сосын зорлық көрсетеді, мама кеп қалса, мені көрпеге құшақтап алады. Мен оған қарсылық көрсетсем, маманы ұрады, мені далаға шығарып ұрады. Мама сияқты бет-аузымнан ұрады. Мен абайсызда суды төгіп алғанда маманы ұрғандай қылқындырып, бетімнен ұрған",- дейді 10 жасар зорланған қыз. 

Қыздың анасы күдікті ықпалды туыстарының арқасында жазадан жалтарып кетуі мүмкін екендігін айтады.

"Туыстары беделді адамдар. Бір ағасы полковник, біреуі әкімшілікте істейді, қалғандары мұғалім, инженер. Күйеуім қазір тергеу изоляторында, бірақ өзі әлі мойындамаған. Ата-анасы кешірім сұрап, үй алып береміз деп келді", — дейді  Мадина.