Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Қазіргі таңда ажырасу көптігінен болар, продюсер отбасылық тақырыпты қозғады.
— Мен де сіз сияқты пікірде болған кездерім болды, бірақ 2 ші тұрмыста керемет тұрып жатырмын дегендердің күлкі болмайын деп өтірік бақытты көрініп жүргендеріне де көзім жеткен кездер аз болған жоқ. Жұрттың ішкі кухнясын білмейсіз ғой. Перзенті қыз бола тұра 2 ші тұрмыс құрғандардың 2 ші некедегі ащаматының сол қызына көз салып өмірін ойран қылатын аюан әкелер де аз емес екен. Себебі ғашық болған әйелінің жас кезі, жас иіс деген сияқты ойлары бұзылады өзінен тумаған соң, сонымен қатар өз баласына жаратқандай ақша, дүниесін де қызғанып ұрыс-керіс орын алып жатады екен. Өзінен тумаған соң қайбір жетіседі дейсіз. Өзіңіз де болсаңыз, өзге әйелдің балаларын өз балаңыздай қабылдай қоймассыз, мың жерден тырыссаңыз да, тек сыртқы кейпіңіз болмаса жан дүниеңіз қалай қоймас. Бақыттымын деген 2 шімен 100 ден бір адам кездесуі мүмкін и то өз проблемасына байланысты өтірік мүләйімсіп актерлықпен ғана. 2 ші некемен шын бақытты болу үшін 1 ші некеден бала болмауы керек, мүмкін сол кезде жақсы мінезімен бақытты отбасы болуына мүмкіндік көп. Өз ата-анасымен ыстық
ұясында бақытты балалық шағы болғанға не жетсін перзенттеріміздің. Сол себепті итті де иесімен қинасын адам тұрмақ, деп жазды Гүлзира ханым.
Айта кетейік, Гүлзира Айдарбекованың кіші ұлы Заңғар Нұртас бірінші некесі сәтсіз болып, екінші рет отау тікті. Бірінші жарынан баласы жоқ.