Афины Олимпиадасы Қазақстанның спорттық резерві жеткілікті екенін көрсетіп берді - ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
0 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Афины Олимпиадасы Қазақстанның спорттық резерві жеткілікті екенін көрсетіп берді - ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігі

Афины Олимпиадасы Қазақстанның спорттық резерві жеткілікті екенін көрсетіп берді - ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігі

Грекияда өткен Олимпиада Қазақстанның спорттық резерві жеткілікті екенін көрсетіп берді. Ендігі жерде республиканың спорт саласындағы кейбір қиындықтар шешілген жағдайда Қазақстан спортшылары Пекинде өтетін кезекті Олимпиада ойындарында жоғары нәтижеге қол жеткізе алады. Бүгін, 2-қыркүйекте Қазақстан құрамасының 2004-жылы Афины қаласында өткен 28-Олимпиада ойындарына қатысу қорытындысына орай Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР туризм және спорт жөніндегі агенттігінің төрағасы Дәулет Тұрлыханов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 2 Қыркүйек 2004
  • 1131
Фото - Caravan.kz

«Екі олимпиада арасындағы мерзімде агенттік жұмысы болашағынан үміт күттірген жас спортшылар мен жаттықтырушылардан іс жүзінде жаңа құрама жасақтауға бағытталды»,- деді Д.Тұрлыханов. Оның пікірінше, «қазақстандық жас спортшылар сенімді ақтай білді». Агенттік төрағасының атап көрсетуінше, Олимпиада ойындарында 1-6 орындарды иемденген еліміздің 22 спортшысының «басым көпшілігі 19-23 жас аралығында».

«Дегенмен, олимпиадада жүлдегер атанады деп үміттенген жекелеген спортшылар өз мүмкіндіктерінен төмен нәтиже көрсетті»,- деді ол. Ойынға аттанар алдында қазақстандық өкілдер 4 алтын медальді жеңіп алу туралы мақсат қойған болатын, деді Д.Тұрлыханов. «Еліміздің 13 спортшысы Олимпиада ойындарында жоғары жүлдеден үміткер деп танығандықтан біз осындай жоғары меже қойған едік»,- деді Агенттік төрағасы.
Д.Тұрлыхановтың мәлімдеуінше, 2008-жылы Қытайда өтетін келесі жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы табысқа қол жеткізуі үшін Агенттік «бірқатар міндеттерді шешуі тиіс». Осындай негізгі міндеттер қатарына ол Алматы облысында Олимпиадаға дайындық базасының құрылысын салу, елімізде денешынықтыру және спорт мәселелері бойынша Ғылыми зерттеу институтын құру, еліміз құрамаларының жаттықтырушыларын кәсіби біліктілігін шыңдау үшін шетелдік таңдаулы оқу орындары мен халықаралық спорт орталықтарына жіберу, әлемге танымал шетелдік жаттықтырушылар мен мамандарды еліміз құрамаларымен жұмыс істеуге шақыру, елімізде тиісті бағыттағы оқытушылар тапшылығына байланысты спорттық медицина, психология, физиология және фармакология саласы мамандарын шетелдерде дайындау, сондай-ақ, спортшылардың тамақтану нормативтерін арттыру, оларды фармакологиялық және медико-биологиялық препараттармен қамтамасыз ету мәселелерін атады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Афины қаласында өткен 2004-жылғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы құрамалық нәтиже бойынша жүлде санына қарай 24-орынды иемденіп, барлығы 8 медаль, оның ішінде бір алтын, төрт күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Жалпы алғанда 2004-жылғы жазғы Олимпиада ойындарына дүниежүзінің 202 елінен 10,5 мың спортшы қатысты.