"Жылан қаптап кетті": Ақтау тұрғындары тағы да үрей құшағында қалды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жылан қаптап кетті": Ақтау тұрғындары тағы да үрей құшағында қалды (ВИДЕО)

"Жылан қаптап кетті": Ақтау тұрғындары тағы да үрей құшағында қалды (ВИДЕО)

Ақтау тұрғындары жағалауда үймелеген жыланды көріп үрейленуде. 

  • 10 Қазан 2023
  • 79
Фото - Caravan.kz

Видео желіде тараған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

Видеода автордың жол бойынан 16 жыланды байқағанын көруге болады. 

"Кетіп бара жатырмыз. Қараңыздаршы, жолда жылан жүр. Кейбірі баласымен жүр. Нешеме жылан көріп келе жатырмыз. Тіпті, таңғалмайтын болдым", — дейді автор. 

Ақтау тұрғындары бұл құбылыстың жылда қайталанатыны мен оның себебін жарыса жазуда. "Жағалау жыландардың үйінің үстіне салынған екен. Сондықтан, олар емес "қаптаған", біз "қаптап" кеттік", "Су салқындаған соң көшіп жатыр" десе, өзге желі қолданушылары "Қалай қорықпай жүрсіздер", "Неге бір шара қолданбайды", "Масқара", "Шағып алса, кім жауап береді" деген пікірлерін жазуда.