«Алматы жылу желілері» мекемесінен мәлім еткендей, медицина, білім мекемелері мен өзге де әлеуметтік нысандарға 10 қазаннан бастап кезең-кезеңімен жылу беріледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.
«Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосу жоспарланған. Мұндай шешім осы ұйымдардың жұмыс ерекшелігін ескере отырып қабылданды. Жаңа жылыту маусымының басталуы метеорологиялық болжам мен Алматыдағы ауа райының күнделікті мониторингі негізінде айқындалады» деп атап өтті «Алматы жылу желілері» мекемесінен.
Тұтынушыларға жылу беру мынадай кезекпен жүргізіледі:
— балалар, емдеу, мектеп мекемесі, кәсіптік мектептер, медициналық-әлеуметтік мекемелер:
— тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
— әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
— басқа да ғимараттар.
«Алматы жылу желілері» жылуды тұрғын үй басқару органдарына дейін жеткізеді, әрі қарай әр үйдің дайындығына солар жауапты. Тұтынушыларды жылумен жабдықтаудың ішкі жүйесіне қызмет көрсететін апаттық (сервистік) қызметтер — ПИК, МИБ апаттық жағдай болмаса, жылу беруді өз бетінше орындауы керек немесе осы қызметті орындайтын мекемені жалдауға тиіс» делінген хабарламада.