Екінші Ауғанстанды қолдан жасап алмайық - Айгүл Орынбек - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екінші Ауғанстанды қолдан жасап алмайық - Айгүл Орынбек

Екінші Ауғанстанды қолдан жасап алмайық - Айгүл Орынбек

Белгілі заңгер Айгүл Орынбек елдегі ахуалды баяндады. 

  • 16 Қазан 2023
  • 3446
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

Заңгер халық арасында, ұлт арасында іріткі салушылардан аулақ болуға шақырды. 

"Елде жағдай әлі де тұрақты емес!
Қаңтардан кейін таракандар сияқты жан-жаққа қашқандар, елде қайта төңкеріс жасауға келген жоқ па?
Қара жамылғандардың тик-токта отырып ауыздарына келгенін оттауы, “домбыраны харам, хиджап шешпейміз” деп ұрандаулары бәрі бекер емес!
Бұлар бір миссиямен жүр!
Елде төңкеріс жасағысы келіп жатқандар халықтың психикасын жақсы зерттегендер!
Халық қандай тақырыпқа тез көтерілетінін жақсы меңгерген бұлар!
Олар, көп ұлтты халық тұратын елді мекендерге барып, ұлттар арасында неше түрлі оқиғаларды қолдан жасап , халықты көшеге шығаруды ұйымдастыруы әбден мүмкін. Қазақ қызын өзбек зорлады немесе өзбек қызын қазақ зорлады деген тақырыптарға мұқият болыңыздар халқым!
Олардың қолында әлі де біраз күш пен ақпараттық қолдау бар!
“Ойбайлатып көздерін ағызып тұрып” шығарып берген ақпараттарға сене бермеңіздер!
Қолдарына билікті алғысы келіп жатқандар тыныш жатқан жоқ. Олар билікті халықты көшеге шығару арқылы ғана құлата алады. Сол үшін әрбір шыққан ақпаратты зерделей біліңіздер! Көп дүниелерді білмей жатып даурығып, атойлап көшеге шығып жүрмеңіздер!
Ендігі көтерілісті бұлар мешітке баратын жамағат арқылы немесе ұлтараздық арқылы жасағылары келіп отыр. Сол үшін абай болыңыздар!
Еліміздің тұрақтылығын сақтап қалу өз қолымызда!
Елдің алдында жүрген азаматтар көп дүниені ашық айтқандары үшін, қәзір оларға қарсы үгіт насихат керек десеңдер аузын жабу үшін қастандық жасалып жатыр. Тіпті керек десеңдер басталыпта кетті. Оған мысал ретінде Ринат Зайытов ағамызға жасалып жатқан ақпараттық шабуылдар!
Елімізді арам ойлы сақалды сәләфиттерге беріп қоймайық!
Екінші Ауғаныстанды өзіміз қолдан жасап алмайық!", деп жазды.  

"Елдің көкейн де жүрген , мәселені көтердің қызым", "Өте дұрыс айтасың! Еліміздің тыныштығын бұзбайық!", "Өте орынды! Бұлар күшеціп билікті басып алар болса тұлымдыңды тұл, айдарлыңды құл етпекші!", деп қолдау көрсетті оқырмандар.