Республика үкімет басшысы "Қазақстан қағазы" АҚ картон бұйымдардың импортын алмастыру жөніндегі өз бағдарламасын жүзеге асырады дегенге сенім білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Республика үкімет басшысы "Қазақстан қағазы" АҚ картон бұйымдардың импортын алмастыру жөніндегі өз бағдарламасын жүзеге асырады дегенге сенім білдірді

Республика үкімет басшысы "Қазақстан қағазы" АҚ картон бұйымдардың импортын алмастыру жөніндегі өз бағдарламасын жүзеге асырады дегенге сенім білдірді

"Қазақстан қағазы" АҚ-ның өндірістік желілерін жаңалау кәсіпорынның картон бұйымдардың импортын алмастыру жөніндегі жеке бағдарламасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бүгін, 10-қыркүйекте жұмыс сапарымен Алматы облысын аралаған ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов осындай пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қыркүйек 2004
  • 666
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан қағазы» қағаз-картон комбинаты — еліміздегі бірден-бір ұлттық қағаз өндіруші кәсіпорын болып табылады. Мемлекеттік импорт алмастыру бағдарламасы аясында кәсіпорын 2004-жылдың тамыз айында қағаз өндіретін екінші машинаны монтаждауға кіріскен. Монтаждау шарасымен қоса желінің толық құны 20 млн. долларды құрайды. Жалпы алғанда 2001-2004-жылдар аралығында акционерлік қоғам құрал-жабдыққа 30 млн. доллар жұмсады. Алдағы екі жылда тағы 10 млн. доллардан астам қаржы игеру көзделіп отыр.

2005-жылы пайдалануға берілетін жаңа желі Қазақстан нарығындағы қағаз шикізатына деген сұранысты 90 процентке қамтамасыз етеді. Қазіргі жағдаймен отандық шикізат рыногының жалпы сыйымдылығы айына 6 мың тоннаны құрайды. Бұл қажеттілік негізінен комбинат өнімдерімен және шетелдік импорт есебінен қамтамасыз етілуде.

Перейти к новостям спорта