ҚР СІМ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының тұрақты кеңесінің отырысына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының тұрақты кеңесінің отырысына қатысты

ҚР СІМ Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының тұрақты кеңесінің отырысына қатысты

Қазақстан сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев 9-қыркүйекте Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының тұрақты кеңесінің отырысына қатысты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2004
  • 354
Фото - Caravan.kz

Өз баяндамасында министр ұйымның маңызы мен оның Қазақстандағы азаматтық қоғам негіздерін күшейтуге бағытталған реформаларды жүзеге асырудағы негізгі ролін атап өтті.

Тұрақты кеңестің отырысына қатысушылар Қазақстан Республикасындағы алдағы парламент сайлауын өткізу және республиканың 2009-жылы ұйымға басшылық жасау жөніндегі өтінішіне қатысты мәселелерді талқылады.
Сыртқы істер министрі қазіргі заманғы көкейкесті проблемаларды, бірінші кезекте халықаралық лаңкестіктің күш жинап келе жатуына қатысты тауқыметтерді шешу үшін Қазақстан халықаралық , оның ішінде Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы шеңберіндегі ынтымақтастыққа әзір екенін мәлімдеді. Қ.Тоқаев Қазақстанның аймақтық ынтымақтастықты толық қолдайтынын атап өтті.

Перейти к новостям спорта