ҚР арнаулы қызметтері Қазақстан аумағын лаңкестер өткелек ретінде пайдаланды деген ақпарды жан-жақты тексеруде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР арнаулы қызметтері Қазақстан аумағын лаңкестер өткелек ретінде пайдаланды деген ақпарды жан-жақты тексеруде

ҚР арнаулы қызметтері Қазақстан аумағын лаңкестер өткелек ретінде пайдаланды деген ақпарды жан-жақты тексеруде

ҚР арнаулы қызметтері Қазақстан аумағы "жекелеген лаңкестерді Өзбекстаннан Ақтау мен Баку арқылы Ауғанстандағы дайындық лагерьлеріне жөнелтетін өткелек ретінде пайдаланылды" деген ақпардың ақиқаттығын тексеруде. Бұл туралы бүгін, 10-қыркүйекте ҚР парламенті сенатының халықаралық істер, қауіпсіздік және қорғаныс жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары Владимир Божко хабарлады.

  • 10 Қыркүйек 2004
  • 468
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл ақпаратты еліміздің арнаулы қызметтері өзбек әріптестерімен бірлесе тексеріп жатыр.

Журналистерге берген сұхбатында В.Божконың атап көрсетуінше, «бұл жерде әңгіме Қазақстан аумағы арқылы асырылған 3-4 адам туралы болып отыр». «Қазір біз осы дерек бойынша бірнеше қылмыстық с қозғап, соның шеңберінде ақпаратты тексеріп жатырмыз. Тергеу аяқталғаннан кейін егжей-тегжейлі ақпарат жария етіледі»,- деді ол.
«ҚР ҰҚК лаңкестік іс-шараларға немесе шабуылдарға қатысып, қазір Қазақстанда емделіп немесе жасырынып жатыр-мыс делінген адамдар туралы ақпаратты жан-жақты тектеп-тексеріп жатыр»,- деді В.Божко. Бұл мәселелерді біз ТМД елдерінің арнаулы қызметтерімен ықпалдастық негізінде тексерудеміз, деді ол. «Біз келіп түскен әрбір ірілі-ұсақты дабылды үлкен белсенділікпен тексеріп, жоғары маңыз береміз»,- деді ҚР ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары.

Перейти к новостям спорта