Орталық сайлау комиссиясы депутаттықтан үміткерлердің қаржылық шығындарын тексеруші арнайы топ құрды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Орталық сайлау комиссиясы депутаттықтан үміткерлердің қаржылық шығындарын тексеруші арнайы топ құрды

Орталық сайлау комиссиясы депутаттықтан үміткерлердің қаржылық шығындарын тексеруші арнайы топ құрды

ҚР Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізім және бір мандатты округтер бойынша депутаттықтан үміткерлердің қаржылық шығындарын тексеруші арнайы қаржыгерлер тобын құрды. Бұл туралы бүгін, 10-қыркүйекте ақпараттық дау-дамайларды қарау жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы барысында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 10 Қыркүйек 2004
  • 423
Фото - Caravan.kz

Орталық сайлау комиссиясы төрайымының айтуынша, бұл топтың құрамына республикалық бюджеттің орындалуын қадағалау жөніндегі есеп комитеті, қаржылық бақылау комитеті, экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі мен салық комитетінің өкілдерін енгізу көзделген. Сондай-ақ, топ құрамына қазынашылық өкілдері де қамтылады.

З.Балиеваның хабарлауынша, топ ертеңнен бастап іске кіріседі. «Топ депутаттықтан үміткерлердің сайлау қорын, атап айтқанда, қор қаржысын қалыптастыру және жұмсау барысын, үміткерлердің декларацияларын тексереді». Топтың алғашқы баяндамасы 15-қыркүйек, сәрсенбіде жария етіледі деп күтілуде.

Перейти к новостям спорта