Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, алдағы саммит барысында ұйымға мүше-елдердің сауда, көлік және энергетика салаларындағы ынтымақтастық проблемалары мен ұйымның Ауғанстанды қалпына келтіру жұмыстарына қатысуы туралы талқыланады.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымын 1985-жылы Иран, Түркия және Пәкістан мемлекеттері бірлесіп құрған. 1992-жылы бұл ұйымға Ауғанстан мен Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сынды бұрынғы Кеңестік республикалар бірікті. Экономикалық ынтымақтастық ұйымының басты мақсаты — мүше-мемлекеттер арасында етене жақын сауда-экономикалық қарым-қатынас орнату, энергетика, өнеркәсіп және ауылшаруашылығы саласындағы аймақтық байланыстарды нығайту болып табылады.