«Ақ жол», «Қазақстанның демократиялық таңдауы» және Коммунистік партияның жетекшілері жуырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында И.Тасмағамбетов пен Е.Атамқұловты өткілеттіліктен өз бетімен бас тартуға шақырған. БАҚ хабарламаларынан белгілі болғанындай, «Қазақстан Темір жолы компаниясында ірі көлемдегі қаржы қолды болған». Тамыз айында осындай дерек бойынша тәуелсіз тексеру жүргізуді талап еткен Ресейлік депутаттар тобының бағалауынша, қаржы көлемі «46 млн. доллар» болған, дейді баспасөз мәслихатына қатысушылар. Қаржы жымқыру оқиғасы Ресейдің 1999-жылғы Байқоңырды жалға алу берешегін өтеу кезінде жүзеге асырылған -мыс.
KZ-today тілшісіне берген сұхбатында Б.Әбіловтың атап көрсеткеніндей, мәлімдеме жасаған саяси бірлестік өкілдерінің пікірінше, И.Тасмағамбетов пен Е.Атамқұлов «міндетті түрде өз бетімен қызметтен кетуі тиіс». «Республика парламенті И.Тасмағамбетов үкімет басшысы болып тұрған кезде -ақ оған деген сенімсіздігін білдірген»,- деді Б.Әбілов. Оның пайымдауынша, «егер ел парламенті кез-келген шенеунікке сенімсіздік көрсеткен жағдайда ол осындай оқиғадан кейін қандай да бір жоғары лауазым иемденуі тиіс емес», ал қазір «И.Тасмағамбетов президенттің де, атқарушы биліктің де беделін түсіруде». «Ол осындай ірі дау-дамайларға араласқанына қарамастан, президент әкімшілігін, сондай-ақ, бізге мәлім болғанындай, сайлауды да басқарып отыр»,- деді Б.Әбілов.
«Ақ жол» партиясының тең төрағасы Е.Атамқұлов та «қызметтен кетуге тиіс» деген пікірде. «Жағдайдың күрделілігіне қарамастан, Е.Атамқұловтың үн-түнсіз қалуы әлденені меңзейтіндей. Ол неге бой көрсетіп, жағдайды түсіндіріп, бұның бәрі жалған ұрындыру деп неге айтпайды. Құжаттарын көрсетіп, мәселе былай болған деп неге түсіндірмейді. Ал ол үнсіз қалды. И.Тасмағамбетов та тіс жармайды. Демек, бірдеме болған»,- дейді Б.Әбілов. Ол сондай-ақ, өзіне белгілі болғанындай, «қазір олар (И.Тасмағамбетов пен Е.Атамкқұлов) мен олардың аяқ-қолдары Ресей мен басқа да көп жерлерде іздерін жасыруға әрекеттеніп жатыр».
Б.Әбіловтың айтуынша, мәлімдеме таратқан үш партияның өкілдері «алдағы уақытта да аталмыш оқиға бойынша ашық тексеру жүргізілгенін және олардың қызметтен кетуін талап ететін болады». «Біздің пайымдауымызша, әлгіндей былықшылыққа қатысы бар шенеуніктер қатаң жаза жүктеуі тиіс». «Ақ жол» партиясының тең төрағасының атап көрсетуінше, «қызмет бабын асыра пайдаланып, екі қойманы жеке меншікке беру туралы шешімге қол қойған Ғалымжан Жақиянов 7 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал өз шешімдерімен, қол қойған құжаттарымен елді ондаған миллион доллардың шығынына батырған И.Тасмағамбетовке де лайықты жаза жүктелуі тиіс деп санаймын. Біз Елбасын сынағаны үшін бір адамды абақтыға қамап, ал екіншісі оны мақтап, адалдық жөнінде ант-су ішіп, өзін «оның өнімі» деп атағаны үшін еркінсітіп қоюымызға болмайды». «Заңның қаталдығы әркімге бірдей болуы тиіс»,- деді Б.Әбілов.