"Көшпенділер" фильмінің түсірушілер тобы жол апатына ұшырады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көшпенділер" фильмінің түсірушілер тобы жол апатына ұшырады

"Көшпенділер" фильмінің түсірушілер тобы жол апатына ұшырады

Алматы облысында болған жол апатынан "Көшпенділер" фильмінің түсірушілер тобы зардап шекті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2004
  • 590
Фото - Caravan.kz

Полиция ақпаратына сәйкес, жол апаты бүгін, 13-қыркүйекте таңертеңгі сағат 8-де Алматы-Өскемен тас жолының 82-шақырымында болған. Кино түсірушілер тобы келе жатқан «Мицубиси Делика» микроавтобусы «Мазда» жеңіл автокөлігімен соқтығысып қалған.

Жол апатынан , болжам бойынша, топтың бір мүшесі қаза тауып, тағы екі маман — Франция азаматтары Қапшағай жедел жәрдем ауруханасына жатқызылған.
Оқыс оқиға болған жерде жол полициясының шұғыл тобы жұмыс істеуде.