Душанбеде Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммиті қарсаңында ұйымға мүше елдердің сыртқы саясат мекемелерінің басшылары бас қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммиті қарсаңында ұйымға мүше елдердің сыртқы саясат мекемелерінің басшылары бас қосты

Душанбеде Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммиті қарсаңында ұйымға мүше елдердің сыртқы саясат мекемелерінің басшылары бас қосты

Душанбеде 12-қыркүйекте түстен кейін Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдер - Әзербайжан, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстанның сыртқы саясатты жауаптанған мекемелері басшыларының 14-кездесуі өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Душанбеден.

  • 13 Қыркүйек 2004
  • 494
Фото - Caravan.kz

Экономикалық ынтымақтастық ұйымының мемлекет басшыларының бас қосуы қарсаңында өткізілген сыртқы істер министрлері кеңесінің талқылауына кең көлемді мәселелер топтамасы шығарылды. Тәжікстан Республикасы СІМ-нің ақпарат департаментінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, талқыланатын маңызды мәселелердің бірі — Экономикалық ынтымақтастық ұйымының аясындағы келісімдер мен оларды бекіту жағдайы туралы болмақ. Сыртқы істер министрлері сондай-ақ, заңсыз есірткі айналымымен бірлескен күрес шаралары туралы талқылайды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитіне Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов қатысады.
Алдағы саммит барысында ұйымға мүше-елдердің сауда, көлік және энергетика салаларындағы ынтымақтастық проблемалары мен ұйымның Ауғанстанды қалпына келтіру жұмыстарына қатысуы туралы талқыланады.
Экономикалық ынтымақтастық ұйымын 1985-жылы Иран, Түркия және Пәкістан мемлекеттері бірлесіп құрған. 1992-жылы бұл ұйымға Ауғанстан мен Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сынды бұрынғы Кеңестік республикалар бірікті. Экономикалық ынтымақтастық ұйымының басты мақсаты — мүше-мемлекеттер арасында етене жақын сауда-экономикалық қарым-қатынас орнату, энергетика, өнеркәсіп және ауылшаруашылығы саласындағы аймақтық байланыстарды нығайту болып табылады.

Перейти к новостям спорта