2004-жылдың аяғына дейін КТК құбыр жүйесімен алғашқы Ресей мұнайы тасымалданады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылдың аяғына дейін КТК құбыр жүйесімен алғашқы Ресей мұнайы тасымалданады

2004-жылдың аяғына дейін КТК құбыр жүйесімен алғашқы Ресей мұнайы тасымалданады

2004-жылдың аяғына дейін КТК құбыр жүйесімен алғашқы Ресей мұнайы тасымалданады деп күтілуде. "НафтаТранс" ЖАҚ КТК-ның Кропоткин мұнай айдау станциясының жанында мұнайға арналған темір жол терминалын салып, Мұнай айдау станциясына дейін құбыр тартуда. Бұл нысан құрылыстары биыл аяқталады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне КТК баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2004
  • 586
Фото - Caravan.kz

«НафтаТранс» Ресей аумағында өндірілген мұнайды тасымалдайды. Ресей Федерациясы мен мұнай өндіруші акционер-компаниялар — «Роснефть/Шелл» мен «ЛУКАрко» (ЛУКОЙЛ/ВР Бірлескен кәсіпорны) КТК жүйесіне Кропоткинде қосыла алады. Қазір КТК-ның техникалық мүмкіндіктері Кропоткинде жылына 6,5 млн. тонна мұнай қабылдауға мүмкіндік береді. Акционерлер бұл қуатты іске қосуды межелеп отыр. Ал жүйе ауқымы кеңейтілгеннен кейін Кропоткин мұнай айдау станциясы жылына 15 млн. тонна мұнай қабылдай алады.

Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, 2001-жылдың қазан айында пайдалануға берілгеннен бері КТК мұнай құбыры жүйесі арқылы бүгінге дейін 40 млн. тонна мұнай тасымалданды. Бүгінде КТК жүйесі арқылы мұнай тасымалдау көлемі айына 2 млн. тоннаны құрап отыр. Бұл мұнай толыққай Қазақстаннан әкелінуде.
«КТК қазір Каспий мұнайы бойынша жобалық құнына қол жеткізді, ал көп кешікпей Краснодар өңірінен Ресей мұнайын қабылдай бастайды. Бұл біз тасымалдап отырған мұнай көлемін кем дегенде жылына 28 млн. тоннаға дейін жеткізуге мүкіндік береді»,- дейді КТК-ның бас директоры Иен Макдональд.
«Біздің акционерлер бұрынғыдай алдағы екі жылда мұнай өндіру көлемі айтарлықтай артады деген болжам айтуда. Бұл КТК жүйені кеңейтуге кірісуге тиіс екенін меңзейді»,- деді ол.
Қазір КТК акционерлері жүйені кеңейту негіздерін белсенді талқылауда. Жүйені кеңейту КТК құбыр жүйесінің қуатын қосымша 10 мұнай айдау станциясын, қосымша резервуарлар мен үшінші причал қондырғыларын салу арқылы жылына 67 млн. тоннаға жеткізуге мүмкіндік береді.
«Қазіргі жағдаймен КТК Ресей бюджетіне түрлі салықтар, баж салықтары мен аймақарға әлеуметтік көмек түрінде 475 млн. доллар бөлді»,- деді И.Макдональд. Оның айтуынша, «КТК құбыр жүйесін кеңейту кіріс көлемін үш есе арттырып, барлық акционер-компаниялар мен жоба жүзеге асырылатын мемлекеттерге айтарлықтай пайда әкеледі».
КТК-ның негізін қалаушы үкіметтердің үлес салмағы мынадай : Россия — 24%, Қазақстан — 19%, Оман Сұлтандығы — 7%.
Консорциумға қатысушы жеке меншік мұнай компанияларының үлесіне келсек : Шеврон Каспиан Пайплайн Консорциум Компани — 15%, ЛУКАРКО Б.В. -12,5%, Роснефть-Шелл Каспиан Венчерз Лтд. — 7,5%, Мобил Каспиан Пайплайн Компани — 7,5%, Аджип Интернешнл Н.В. — 2%, БГ Оверсиз Холдинг Лтд. — 2%, Қазақcтан Пайплайн Венчерз ЛЛС — 1,75% и Орикс Каспиан Пайплайн ЛЛС — 1,75%.

Перейти к новостям спорта