Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақ-Өзбек шекарасын делимитациялау жұмыстарының кезекті сатысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақ-Өзбек шекарасын делимитациялау жұмыстарының кезекті сатысы басталды

Оңтүстік Қазақстан облысында Қазақ-Өзбек шекарасын делимитациялау жұмыстарының кезекті сатысы басталды

Бүгін, 13-қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік шекара сызығын айқындау жөніндегі Қазақстан-Өзбекстан үкіметаралық комиссиясының 4-раунды басталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2004
  • 413
Фото - Caravan.kz

Комиссия жұмысы 17-қыркүйекке дейін созылады. Осы уақыт ішінде Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш және Мақтаарал аудандары арқылы өтетін шекара сызығын айқындауға бағытталған тәжірибелік жұмыстар өткізіледі. Бұған дейін республиканың әкімшілік шекаралары көбінесе елді мекендер арқылы өткендіктен, қазір өзара алмастық туралы мәселені келісу талабы туындап отыр. Соған сәйкес кейбір құрылыс-ғимараттар Өзбекстанның иелігіне өтсе, кейбірі Қазақстан аумағында қалады.

Мамандар болжамына сәйкес, алдағы жиын барысында келісім бойынша үйлері Өзбекстанның иелігіне өтетін тұрғындар үшін қиындықтар туындамақ.

Перейти к новостям спорта