ІІМ электронды дауыс беру жүзеге асырылатын 1,5 мың сайлау учаскесін тікелей қорғауға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ІІМ электронды дауыс беру жүзеге асырылатын 1,5 мың сайлау учаскесін тікелей қорғауға алды

ІІМ электронды дауыс беру жүзеге асырылатын 1,5 мың сайлау учаскесін тікелей қорғауға алды

ҚР ІІМ-нің органдары дауыс беру шарасы электронды "Сайлау" жүйесінің көмегімен жүзеге асырылатын 1,5 мың сайлау учаскесін тікелей қорғауға алды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне бүгін, 13-қыркүйекте ҚР ІІМ-нен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2004
  • 455
Фото - Caravan.kz

ІІМ-нің ақпаратына сәйкес, республика аумағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ҚР Ішкі әскері мен полиция құрамы қыркүйектің 17 мен 19 аралығында күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді. Барлық сайлау учаскелері электронды дауыс беру жабдықтары орнатылған және бюллетеньдер әкелінген сәттен бастап полицияның қорғауына алынады. Сайлау кезеңінде ішкі істер органдарының кезекші топтары тергеушілермен және оперативті қызметкерлермен толықтырылады.

Тәртіпті қамтамасыз етуші күштердің іс-әрекетін жалпылай басқару үшін ҚР ІІМ-де арнаулы штаб құрылып жұмыс істеуде.
Тамыздың 23 мен 30 аралығында республика аумағында оперативтік-профилактикалық «Құқық пен тәртіп» шарасы жүзеге асырылғандықтан, сайлау кезінде басқа шаралар өткізілмейді.

Перейти к новостям спорта