Қарағанды облысының Абай қаласында вирусты гепатит жұқтырғандар саны 148-ге жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысының Абай қаласында вирусты гепатит жұқтырғандар саны 148-ге жетті

Қарағанды облысының Абай қаласында вирусты гепатит жұқтырғандар саны 148-ге жетті

Өткен тәулікте Қарағанды облысының Абай қаласында вирусты гепатиттің "А" түрі деген диагнозбен тағы 7 адам, соның ішінде екі ересек адам мен бес бала ауруханаға түсті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2004
  • 618
Фото - Caravan.kz

Сөйтіп, ауру етек алғаннан бері (2-қыркүйек) вирусты гепатитті жұқтырғандар саны 148 адамға жетті, олардың 103-і балалар мен жасөспірімдер.

Қазіргі жағдаймен Абай қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасына вирусты гепатит деген диагнозбен 110 адам жатыр. Қалалық аурухананың бас дәрігері Ақылбек Төлекиннің айтуынша, науқастардың көпшілігінің жағдайы ауыр және орташа ауыр деп бағалануда. Ауыр жағдайдағы бір науқас Қарағанды қаласындағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жөнелтілді.
Қазір Абай қаласында эпидемияға қарсы төтенше комиссия жұмыс істеп, штаб құрылған. Аурудың белең алу себептерін анықтауға бағытталған қызмет бабындағы тексеру жүргізілуде. Мектептердегі санитарлық тәртіп күшейтілді. Кабинет жүйесі алып тасталды. Тамақ дайындау бөлімдері жаппай жабылды.

Перейти к новостям спорта