"Election and Democracy" халықаралық қауымдастығы мәжіліс сайлауына шамалы ғана уақыт қалғанына қарамастан қазақстандықтардың белсенділігі төмен деп бағалауда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Election and Democracy" халықаралық қауымдастығы мәжіліс сайлауына шамалы ғана уақыт қалғанына қарамастан қазақстандықтардың белсенділігі төмен  деп бағалауда

"Election and Democracy" халықаралық қауымдастығы мәжіліс сайлауына шамалы ғана уақыт қалғанына қарамастан қазақстандықтардың белсенділігі төмен деп бағалауда

Мәжіліс сайлауы басталар қарсаңда қазақстандықтардың "белсенділігі төмен күйінде қалып отыр", дауыс беруге деген құлшыныс бәсең. Сайлауға бақылау жасау жөніндегі "Election and Democracy" халықаралық қауымдастығының өкілдері осындай тұжырымға келген . Олар бұл туралы бүгін, 13-қыркүйекте Алматыда еліміздегі сайлау алдындағы науқанға қатысты мониторинг бойынша алдын-ала баяндамасын таныстыру барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2004
  • 750
Фото - Caravan.kz

Қауымдастықтың үйлестірушісі Инна Ивановскяның айтуынша, «сайлауда белгілі бір үміткер, партия немесе блок үшін міндетті түрде дауыс беруге мәжбүрлеу туралы тұрғындардан ауызша шағымдар келіп түсуде. Бұл азаматтардың наразылығын заңды түрде тудырып отыр». «Election and Democracy» халықаралық қауымдастығы өкілінің айтуынша, осындай шағым айтқан бірде-бір сайлаушы «бұл туралы өтінішке қол қоюға тәуекел ете алмады».

Қауымдастық сарапшыларының алдын-ала баяндамада атап көрсеткеніндей, өткен жылғы мәслихат сайлауымен салыстырғанда «Орталық сайлау комиссиясының сайлаушыларды ақпаратпен қамтамасыз ету тұрғысындағы белсенділігі артқаны байқалады». Телеарналар арқылы ақпараттық және үгіт-насихат науқаны қыза түсті. Соған қарамастан, «халықтың хабардарлық деңгейі төмен күйінде қалып отыр», дейді бақылаушылар.
Олар сондай-ақ, «сайлаушылардың таптаурын көзқарастан арыла алмай, жалған үміт күтіп жүргенін» анықтады. Мәселен, «сайлаушы алдағы сайлау туралы және ол өткізілетін күн туралы біле тұра, өзі қай жерде дауыс беретінін білмейді». «Қазақстандықтар дауыс беру мүмкіндігіне ие болу үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу қажеттігінен бейхабар». «Сайлаушылар сайлауға қатысу үшін жеке шақыру қажет деп ойлайды». «Азаматтар арасында сайлауға қатысушы үміткерлер, партиялар мен блоктар туралы ақпарат кемшін». «Сайлаушы балама дауыс беру түрлері туралы біледі, бірақ, электронды дауыс беру жүйесіне сенімсіздікпен қарайды, сондай-ақ, электронды код тағайындау жүйесіне де күдікпен қарайды».
«Штрих-код алмаған сайлаушы бәрібір өзінің дауыс беру құқығы бар екенінен бейхабар». Баяндамада атап көрсетілгеніндей, бұл мәселелердің барлығын жауапты органдар дәйектеуі тиіс.
«Азаматтарды ақпаратпен қамтамасыз ету проблемасы оларға жалған ақпарат берумен тікелей сабақтас»,- дейді бақылаушылар. Олардың хабарлауынша, «сайлау комиссияларының кейбір мүшелері мен тұрғындарды штрих-кодпен қамтамасыз етуші органдардың өкілдері сайлаушыларды адастырған». Мәселен, сайлау комиссияларының кейбір мүшелері штрих-код алмаған сайлаушылар дауыс бере алмайды деген ақпарат таратқан. Осындай жағдайға мысал ретінде «Election and Democracy» халықаралық қауымдастығы «Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Г.Қариннің баспасөз мәслихатында штрих-код алмаған азаматтар дауыс беруге қатыса алмайды деп сайлаушыларға ескерту жасағанын» келтіреді. Соңынан ол өз мәлімдемесін түзетіп: » штрих-код алмаған сайлаушылар кодтың жоқ болу себебін көрсетіп, түсініктеме жазуы тиіс» деп хабарлаған.

Перейти к новостям спорта