Қазақстан Өзбекстанның шекаралық облыстарымен іскерлік байланыстар орната бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Өзбекстанның шекаралық облыстарымен іскерлік байланыстар орната бастады

Қазақстан Өзбекстанның шекаралық облыстарымен іскерлік байланыстар орната бастады

Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тілеухан Қабдырахманов жұмыс сапарымен Новои облысында болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінен хабарлады.

  • 13 Қыркүйек 2004
  • 555
Фото - Caravan.kz

Сапар барысында елші Новои облысының хокимі Бахритдин Рузиевпен, Канимех ауданының хокимі Садолла Ишпулатовпен кездесті. Сұхбат кезінде тараптар екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен болашағы, екі елдің кәсіпорындары мен кәсіпкерлері арасындағы байланысты нығайту жолдары туралы талқылады.

Елші бұған қоса Новои тау-кен-металлургиялық комбинатында болып, кәсіпорын президенті С.Кучинскиймен кездесті.
«Қызылқұмцемент» ААҚ-на сапары барысында елші екі ел кәсіпорындары арасында байланыс орнату үшін кәсіпорынның мүмкіндіктерімен танысты. Сондай-ақ, Т.Қабдырахманов «Канимех» ширкат шаруашылығында және басқа да бірқатар шағын кәсіпорындарда болды.
Қазақ диаспорасы өкілдерімен кездесуде елші Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың нәтижесі мен алдағы сайлау туралы әңгімелеп, оралмандарға қатысты үкіметтік бағдарламаның басты тәртіптерімен таныстырды. Алходжаев атындағы бірінші қазақ мектебіне сапары барысында Т.Қабдырахманов білім ошағына компьютер табыс етті.

Перейти к новостям спорта