Қазақстандық компания Қырғызстандағы жүгері өңдеу комбинаты акцияларының бақылау қоржынын сатып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық компания Қырғызстандағы жүгері өңдеу комбинаты акцияларының бақылау қоржынын сатып алды

Қазақстандық компания Қырғызстандағы жүгері өңдеу комбинаты акцияларының бақылау қоржынын сатып алды

Қазақстандық компания Қырғызстандағы жүгері өңдеу комбинаты акцияларының бақылау қоржынын сатып алды. Қырғызстан Республикасының мемлекеттік мүлікті басқару және тікелей инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік комитетінен KZ-today тілшісіне хабарлағанындай, Қазақстанның "Вита" компаниясы 21 млн. сомға , немесе, 500 мың долларға Ақсу жүгері өңдеу комбинаты акцияларының 88 процентін сатып алған.

  • 13 Қыркүйек 2004
  • 939
Фото - Caravan.kz

Кәсіпорынынң жаңа қожайындары өндіріске 40 млн. доллар мөлшерінде инвестиция салуға міндеттеме жүктеп алды. Бұл қаржының бір бөлігі соя өнімдерін өндіру жөніндегі шағын зауыт салуға жұмсалады.

Ақсу жүгері өңдеу комбинатының жарғылық қоры 7,3 млн. долларды құрайды.
«Вита» зауыты , сондай-ақ, Тоқмақтағы сүт өңдеу зауыты акцияларының бақылау қоржынын иемденеді.

Перейти к новостям спорта