Қарағандыда Корея республикасының азаматшасы кісі қолынан қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда Корея республикасының азаматшасы кісі қолынан қаза тапты

Қарағандыда Корея республикасының азаматшасы кісі қолынан қаза тапты

Қарағандыда Корея республикасының азаматшасы кісі қолынан қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қарағанды облыстық ІІББ-нан хабарлады.

  • 14 Қыркүйек 2004
  • 368
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 13-қыркүйекте күндізгі сағат 11 шамасында болған. 34 жастағы Ким Чен Хи «Степной-4» ықшам ауданында екі баласы және жұбайымен бірге тұрып жатқан. Корея азаматы болып табылатын оның күйеуі Қарағандыда жұмыс істейтін «Родник» шіркеуінде пастор көрінеді. Шетелдік отбасы Қазақстанға іскерлік визамен келген. ІІББ-дағылардың айтуынша, олардың құжаттарында ешбір кінарат жоқ.

Белгілі болғанындай, таңертеңгісін пастор екі баласымен үйден шыққан. Үйге қайтадан оралған оны пәтерде жүрген белгісіз қылмыскерлер басынан ұрып құлатады. Есін жиған діндар дәрігерлер мен полицияны шақырған.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері әйелдің бас жарақатынан қаза тапқанын анықтады. Пәтердегі дүние-мүлік тоналған.
Қазір кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Перейти к новостям спорта