Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің экономика және сауда министрлерінің кеңесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің экономика және сауда министрлерінің кеңесі өтеді

Мәскеуде Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің экономика және сауда министрлерінің кеңесі өтеді

Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің экономика және сауда министрлері бүгін, 14-қыркүйекте Мәскеуде өтетін кеңесте көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын орындау шараларының жоспарын талқылайды. Бұл туралы Ресейдің "Новости" ақпараттық агенттігіне РФ экономикалық даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қыркүйек 2004
  • 631
Фото - Caravan.kz

Сонымен қатар кеңесте Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің экономикалық ахуалы, ұйымды дамыту қоры мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының іскерлік кеңесін құру, Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің аймақтық экономикалық ынтымақтастығы туралы интернет-сайт ашу мәселелері сарапқа салынады.

Кездесуге Қазақстан атынан индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков қатысады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің экономика және сауда министрлерінің бұған дейінгі кездесуі биылғы жылдың мамыр айында Ташкентте өткен. Осынау кезектен тыс кеңес Өзбекстан жағының бастамасымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің мемлекет басшылары кеңесінің маусым отырысы қарсаңында өткізілген болатын. Министрлер онда Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде аймақтық ынтымақтастықты дамыту қорын құру туралы шешім қабылдады.
2001-жылдың маусым айында құрылған Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан енеді.
Алты мемлекеттің шаруашылық саласындағы өзара ынтымақтастығының ең өзекті әрі болашағы бар бағыттары — көлік, энергетика, табиғат пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау деп танылуда. Ұйым шеңберіндегі іскерлік әріптестікке оған мүше елдер экономикасының мемлекеттік емес секторын да белсенді түрде тарту көзделіп отыр.

Перейти к новостям спорта