Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысындағы темір жолдарда екі адам мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысындағы темір жолдарда екі адам мерт болды

Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысындағы темір жолдарда екі адам мерт болды

Өткен аптада Оңтүстік Қазақстан облысындағы темір жолдарда екі адам мерт болды. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады. Олардың бірі, 7-қыркүйекте электровоздың астына түсіп кеткен 18-20 жастар шамасындағы жас жігіттің аты-жөні күні бүгінге дейін анықталмай отыр.

  • 14 Қыркүйек 2004
  • 402
Фото - Caravan.kz

Облыс бойынша жыл басынан бері 16, ал өткен жылы 24 адам темір жолда қаза тапты. Әсіресе Шымкент қаласы мен оған іргелес жатқан аймақтағы 37 шақырымдық жол учаскесінде кісі өлімі көп шығады.

Желілік ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің айтуына қарағанда, қайғылы оқиғалардың шығуына өткелектердің жоқтығы айрықша әсер етуде. Әсіресе мұндай жағдай тұрғындар өз бетімен үй салып алған ауданда көп шығады. Темір жол бекеті маңындағы жалғыз өткелек қолайсыз жерде орналасқандықтан, жаяу жүргіншілер, оның ішінде мектеп оқушылары алыстан айналып жүргенше деп темір жолды кесіп өтуге бел байлайды.

Перейти к новостям спорта