Біртұтас экономикалық кеңістік үшінші бір мемлекеттермен сауда-саттықта төрт елдің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді - РФ өнеркәсіп және энергетика министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Біртұтас экономикалық кеңістік үшінші бір мемлекеттермен сауда-саттықта төрт елдің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді - РФ өнеркәсіп және энергетика министрі

Біртұтас экономикалық кеңістік үшінші бір мемлекеттермен сауда-саттықта төрт елдің экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді - РФ өнеркәсіп және энергетика министрі

Ресей, Қазақстан, Беларусь және Украинаның Біртұтас экономикалық кеңістігі үшінші бір мемлекеттермен сауда-саттықта төрт елдің экономикалық әлеуетін арттыруға, бәсекелестік қабілетін нығайтуға мүмкіндік береді. РФ өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенко осындай пікір білдірді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне РФ СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қыркүйек 2004
  • 401
Фото - Caravan.kz

В.Христенконың айтуынша, Біртұтас экономикалық кеңістіктің тұжырымдамасына сәйкес, тауар қозғалысы үшін ортақ кеңістік қалыптастырып қана қоймай, сондай-ақ, капитал, қызмет және жұмыс күші үшін де біртұтас кеңістік қалыптастыру көзделген.

«Бүгінде бұл кеңістікте сан алуан тосқауылдар саны азаймай отыр, бұл ретте әрбір мемлекет шама-шарқынша әккілік танытып, түрлі тосқауылдарды заңды негізде енгізу арқылы отандық бизнесті қорғап бағуда»,- деді ол.
«Біз әлеуетімізді өзара біріктіріп, тауар, қызмет және инвестициялар саласында экономикалық айналым нормаларын үйлестіруге, нақты экономикалық одақ құруға тиіспіз. Біртұтас экономикалық кеңістік үшінші бір мемлекеттермен сауда-саттықта төрт елдің экономикалық әлеуетін арттыруға, бәсекелестік қабілетін нығайтуға мүмкіндік береді»,- деді В.Христенко.

Перейти к новостям спорта