Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, АҚШ-тың АМС-15 телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру 2004-жылдың 21-қыркүйегіне жоспарланған болатын. Алайда, техникалық себептерге байланысты сапар мерзімі кейінге шегерілді.
Бүгін, 14-қыркүйекте Федералдық ғарыш агенттігі ұшырылымның қазан айына кейінге қалдырылғанын ресми түрде хабарлады. Алайда, нақты ұшырылатын күні әзірге айтылмай отыр.