ТМД алдында жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы ынтымақтастықтың лайықты тәсілдері мен түрлерін ойлап табу міндеті тұр -ҚР СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД алдында жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы ынтымақтастықтың лайықты тәсілдері мен түрлерін ойлап табу міндеті тұр -ҚР  СІМ

ТМД алдында жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы ынтымақтастықтың лайықты тәсілдері мен түрлерін ойлап табу міндеті тұр -ҚР СІМ

Қазіргі жағдайда ТМД алдында жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұру саласындағы ынтымақтастықтың лайықты тәсілдері мен түрлерін ойлап табу міндеті тұр. Бұл туралы бүгін, 15-қыркүйекте Астанада ТМД-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлері кеңесі мәжілісінің ашылуында сөз сөйлеген ҚР СІМ Қасымжомарт Тоқаев мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 15 Қыркүйек 2004
  • 460
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, осыған байланысты Қазақстан «ТМД елдері мемлекет басшылары кеңесінің күн тәртібіне Достастықты жаңалау және жетілдіру мәселесін шығаруды ұсынып отыр». Қ.Тоқаевтың айтуынша, «ұсыныстың мәні — ұйымды жаңаша жағдайға бейімдеуге» саяды. ҚР СІМ соңғы уақытта Мәскеуде, Ташкентте және Бесланда болған қайғылы оқиғалар «лаңкестік секілді қатерлі құбылыстың нағыз соғыс сипатына ден қойғанын көрсетіп берді» деп атап көрсетті.

Қ.Тоқаев ТМД елдері сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында бұл тақырып бойынша пікірталасты бастамауды сұрады, өйткені, бұл — ертеңгі мемлекет басшылары бас қосуының күн тәртібіндегі мәселе.

Перейти к новостям спорта