Астанада ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада  ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі өтуде

Астанада ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісі өтуде

Бүгін, 15-қыркүйекте Астанада ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2004
  • 451
Фото - Caravan.kz

Отырыстың ашылуында сөз сөйлеген ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметов «біздің бүкіл кездесулерімізге тән достық ауан бүгін де өзара ынтымақтастықтың одан әрі дамуы мен нығая түсуіне септігін тигізетін нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді деп сенемін»,- деп атап көрсетті.

ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің кезекті мәжілісінің күн тәртібіне экономика саласындағы және қылмыспен күреске бағытталған құжаттар топтамасы енгізілген. Атап айтсақ, үкімет басшылары ТМД мемлекеттері арасындағы аймақаралық және шекаралық ынтымақтастық тұжырымдамасын, ТМД елдерінің валюта саласындағы іс-қызметін үйлестіру және осы саладағы өзара ынтымақтастық тұжырымдамасын, ТМД елдерінің 2010-жылға дейінгі келісілген көлік саясаты тұжырымдамасын талқылауы тиіс. Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес, қылмыспен күрестің 2005-2007-жылдарға арналған бірлескен шаралар бағдарламасы, ТМД елдерінің заңсыз есірткі, психотропты заттар мен прекурсорлар айналымымен күрес жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы, ТМД елдері арасындағы көліктегі қылмыспен күрес саласындағы ынтымақтастық туралы келісім мен басқа да бірқатар құжаттар тиянақталады.

Перейти к новостям спорта