ТМД елдері Кеңес Одағының қайтадан жаңғыруына жол бермейді - Украина СІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД елдері Кеңес Одағының қайтадан жаңғыруына жол бермейді - Украина СІМ

ТМД елдері Кеңес Одағының қайтадан жаңғыруына жол бермейді - Украина СІМ

"ТМД-ға қатысушы бірден-бір ел Кеңес Одағының қайтадан жаңғыруына жол бермейді". Бүгін, 15-қыркүйекте Астанада өткен брифингте журналистер сауалына жауап берген Украина сыртқы істер министрі Константин Грищенко осындай пікір білдірді.

  • 15 Қыркүйек 2004
  • 395
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі жағдайды кез-келген түрде немесе құрылымдық тұрғыда Кеңес Одағына қайтадан оралу деп ұғынуға болмайды деп ойлаймын». К.Грищенконың атап көрсетуінше, Достастық елдері экономикалық өсімге қол жеткізу үшін мемлекеттік мекемелердің өзара тиімді ықпалдастық жүйесін құру мақсатына бар күш-жігерін жұмсап отыр.

«Бүкіл дерлік ТМД елдерінің азаматтары өзара визасыз қатынайды, сол себепті біз лаңкестер мен қылмыскерлердің бұл мүмкіндікті қылмысты мақсатта пайдаланып кетпеуіне жағдай жасауымыз қажет»,- деді министр.

Перейти к новостям спорта