Тау-кен-металлургия саласында шикізатты кешенді пайдалануға мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларының жобасы елімізде биылғы жыл соңына дейін жасалады деп күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тау-кен-металлургия саласында шикізатты кешенді пайдалануға мемлекет  тарапынан қолдау көрсету шараларының жобасы елімізде биылғы жыл соңына дейін жасалады деп күтілуде

Тау-кен-металлургия саласында шикізатты кешенді пайдалануға мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларының жобасы елімізде биылғы жыл соңына дейін жасалады деп күтілуде

Тау-кен-металлургия саласында шикізатты кешенді пайдалануға мемлекет тарапынан қолдау көрсету шараларының жобасы елімізде биылғы жыл соңына дейін жасалады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін, 15-қыркүйекте "Mining World Central Asia 2004" тақырыбындағы Орталық Азия аймақтық халықаралық конференция барысында "Минералды шикізатты кешенді өңдеу жөніндегі ұлттық орталығы" РМК-ның бас директоры Әбдірасыл Жәрменов хабарлады.

  • 15 Қыркүйек 2004
  • 877
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл құжатқа тауар түріндегі емес минералды шикізатты шығарып алуға мемлекет тарапынан қолдау көрсету, шығарып алынған шикізатқа емес, өндіріліп сатуға дайын болған шикізатқа роялти мен бонус төлеу, металл және басқа да шикізаттардың әлемдік бағасына сәйкес салық салу секілді ұсыныстар енгізіледі.

Сондай-ақ, РМК бас директорының айтуынша, «Қазақстанның тау-кен-металлургия саласында технологиялық аудит жүргізу қажет».
«Біз бұл құжаттың жобасын парламент пен үкіметтің мақұлдауы үшін 2004-жылдың аяғына дейін ұсынуды көздеп отырмыз»,- деді ол.

Перейти к новостям спорта