Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының бас ассамблеясы өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының бас ассамблеясы өтеді

Алматыда Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының бас ассамблеясы өтеді

Қыркүйектің 20 мен 27 күндері Алматыда ТМД елдері тарихында алғаш рет Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының 41- бас ассамблеясы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Хабар" Агенттігі" АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2004
  • 676
Фото - Caravan.kz

Форумға Азиялық және халықаралық ірі электрондық БАҚ-тардың жетекші мамандары мен басшыларынан 350-дей адам қатысады. Атап айтқанда, NHK (Жапония), KBS (Корея), ABC (Австралия), Doordarshan (Үндістан), Иран Ислам республикасыынң IRIB телерадиокомпаниясы, Малайзияның RTM радиотелевизиясы, мен Түркия, Жаңа Зеландия, Сингапур, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Индонезия, Египет және Таиланд елдерінің телекорпорацияларының өкілдері қатысады.

25-қыркүйекке белгіленген шараның ресми ашылу салтанатында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының президенті — NHK компаниясының президенті Катсуйи Эбисава мен Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының 41- бас ассамблеясының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева сөз сөйлейді деп күтілуде.
Форум «Телерадиохабарларын таратушылардың жаңаша ахуалдағы трансформациялаушы ролі», «БАҚ және даму -халықаралық ұйымдармен әріптестік» және «БАҚ-тардың дамуы үшін қаржы көздерін тарту, қарым-қатынастар аясын кеңейту және медиабизнесті дамыту мүмкіндіктерін зерттеу» тәрізді 3 түрлі тақырып бойынша сессиялар ұйымдастырылады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай деңгейдегі шараларда «аймақтағы медиасаясатты қалыптастыруға қатысты айрықша маңызды шешімдер қабылданады». Бұл форумның Қазақстанда өткізілуі «еліміздің халықаралық ақпараттық кеңістіктегі орнын нығайта түсумен бірге оның осы аймақтағы мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін паш етпек».
«Хабар» Агенттігі» АҚ Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағына 1998-жылы толық құқылы мүшелікке өткен. 2003-жылдан бері «Хабар» Азия-Тынық мұхиты аймағы хабар таратушылар одағының жоғары басқарушы органы — әкімшілік кеңеске мүше.

Перейти к новостям спорта