Қырғызстан екі ел арасындағы келісімдерді жүзеге асыруға дайын - Қырғызстан үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан екі ел арасындағы келісімдерді жүзеге асыруға дайын - Қырғызстан үкімет басшысы

Қырғызстан екі ел арасындағы келісімдерді жүзеге асыруға дайын - Қырғызстан үкімет басшысы

Кеше, 15-қыркүйекте үкімет басшысы даниал Ахметов Қырғызстан республикасының премьер-министрі Николай Танаевты қабылдады.

  • 16 Қыркүйек 2004
  • 463
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Үкімет басшысы Қазақстанның көршілес Қырғызстанмен достық және тату көршілік қарым-қатынастарын, сауда-экономикалық, ғылыми және мәдени ынтымақтастығын одан әрі дамыта нығайтуға ынталы екенін атап өтті. Алайда, тараптар бұрындары қол жеткізген келісімдерді іске асыруға күш салуы қажет. Атап айтқанда, Қазақстан мен Қырғызстан су-энергетика және газ саласында бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отыр.
Өз кезегінде Николай Танаев Қырғызстанның кез келген саладағы келіссөздерге дайын екенін және келісімдерді орындауға әзір екенін жеткізді.

Перейти к новостям спорта