ТМД мемлекет басшылары одақ елдерінің халықаралық лаңкестікке қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы тұжырымдама жобасын тездетіп дайындауға уағдаласты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД мемлекет басшылары одақ елдерінің халықаралық лаңкестікке қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы тұжырымдама жобасын тездетіп дайындауға уағдаласты

ТМД мемлекет басшылары одақ елдерінің халықаралық лаңкестікке қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы тұжырымдама жобасын тездетіп дайындауға уағдаласты

ТМД мемлекет басшылары "одақ елдерінің халықаралық лаңкестік пен экстремизмнің басқа да түрлеріне қарсы күрес саласындағы өзара ынтымақтастық туралы тұжырымдама жобасын тездетіп дайындауға, лаңкестікке қарсы күрес орталығының жұмысын пәрмендендіруге уағдаласты". Бұл туралы бүгін, 19-қыркүйекте кеңес отырысының қорытындысы бойынша Астанада өткен баспасөз мәслихатында ТМД мемлекет басшылары кеңесінің бұрынғы төрағасы, Украина президенті Леонид Кучма мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 16 Қыркүйек 2004
  • 609
Фото - Caravan.kz

Украина президенті бүгінгі отырыс барысында «ұйымдасқан қылмыс, есірткі саудасы мен заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға» да баса назар аударылғанын атап өтті. «Бұл мәселелер бойынша бірқатар маңызды құжаттар мақұлданды. Ерекше атап айтар болсақ, заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастық тұжырымдамасы, Қылмыспен бірлескен күрес шараларының 2005-2007-жылдарға арналған мемлекетаралық бағдарламасы, есірткі, психотропты заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымымен күрес жөніндегі 2005-2007-жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды»,- деді Л.Кучма.

Перейти к новостям спорта