Атап айтсақ, Қазақстан жағы ТМД аясында сыртқы істер министрлері, қорғаныс министрлері мен құқық қорғау мекемелерінің басшыларының басын қосқан қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды. Кеңесті сыртқы істер министрлері басқаруы тиіс.
«ТМД сыртқы істер министрлері баршамызды алаңдатып отырған ғаламдық сипаттағы проблемалар бойынша құжаттарды дайындауы тиіс»,- деді Н.Назарбаев.
Қазақстан президентінің пікірінше, басқа барлық проблемалар бұдан өзге интеграциялық бірлестіктер аясында шешімін табуға тиіс.
Н.Назарбаевтың хабарлауынша, Достастықты жаңалау жөніндегі ұсыныстар ТМД елдерінің сыртқы істер министрліктерінде қаралып, министрлер оған өз ескертулерін енгізеді.
«ТМД-ны жаңалау туралы шешімді біз бір жылдан кейін, мүмкін тіпті одан да ертерек қабылдай аламыз»,- деді Қазақстан Елбасы.