Қуанышты жаңалығымен Гүлзира Айдарбекованың өзі бөліскен болатын. Ол:
"Құдай қосып құда болдық! Жүрегім лүпілдеп ең кішкентай жүрегіміз Заңғарымның өмірлік жары Индира келініме сырға салып, құда-жекжат болып жатырмыз. Балаларымыз бақытты, үбірлі-шүбірлі болсын. Барлық айтылған ізгі бата-тілектер Алланың құлағына шалынсын!
Баршаңызға той жұғысты болсын! Сіздер де ізгі бата-тілектеріңізді, құттықтауларыңызды жазып кетіңіздер", — деп жазды ол.
Желі қолданушылары продюсерді тағы сынның астында қалдырды. Бұл жолы көпшілікке Айдарбекованың құдаларына аста-төк киіт бергені ұнамай қалған.
"Неге жігіт жақ қызға киім апарады соны түсіне алмай отырмын. Қыз жақ апару керек емес па киімді?", "Көңіліңіз толмай тұрған сияқты", "Бұл Заңғар деген жылына екі рет үйленетін болды ғой", "Байлар ғой, неше рет үйлендірсе де баласын бола береді" деп жазды олар.