Қазақстанда жоғары сапалы кварц шикізатының дәлелденген қоры 65 млн. тоннаны құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда жоғары сапалы кварц шикізатының дәлелденген қоры 65 млн. тоннаны құрайды

Қазақстанда жоғары сапалы кварц шикізатының дәлелденген қоры 65 млн. тоннаны құрайды

"Қазіргі таңда Қазақстан көптеген саланың басты шикізаты болып табылатын кварц кеніштірінің өлшеусіз қорына ие. Жоғары сапалы кварц шикізатының дәлелденген қоры 65 млн. тоннаны, ал кремний өндіруге жарамды кварциттер қоры 267 млн. тоннаны құрайды". Бұл туралы бүгін, 16-қыркүйекте "Mining World Central Asia 2004" тақырыбындағы Орталық Азия аймақтық халықаралық конференция барысында "БАСКО" компаниясының вице-президенті Вячеслав Костюченко хабарлады.

  • 16 Қыркүйек 2004
  • 440
Фото - Caravan.kz

В.Костюченконың айтуынша, кварц қоры Қазақстанның бес аймағында табылған. Атап айтсақ, кварц шикізатының бағаланған қоры Батыс Қазақстанда 15 млн. тоннаны, Орталық Қазақстанда 35 млн. тоннаны, Оңтүстік Қазақстанда 40 млн. тоннаны, Шығыс Қазақстанда 5 млн. тоннаны, Солтүстік Қазақстанда 5 млн. тоннаны құрайды.

«Кварц шикізатының тазалығы мен оның қорына қарай Қазақстан Бразилия мен Мадагаскардан кейінгі орында тұр»,- деді В.Костюченко.

Перейти к новостям спорта