Батыс Қазақстан облысы 2005-жылдың үшінші тоқсанында РАО "ЕЭС России" компаниясына энергетикалық тәуелділіктен құтылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облысы 2005-жылдың үшінші тоқсанында РАО "ЕЭС России" компаниясына энергетикалық тәуелділіктен құтылады

Батыс Қазақстан облысы 2005-жылдың үшінші тоқсанында РАО "ЕЭС России" компаниясына энергетикалық тәуелділіктен құтылады

Батыс Қазақстан облысы 2005-жылдың үшінші тоқсанында РАО "ЕЭС России" компаниясына энергетикалық тәуелділіктен біржола құтылады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрғали Әшімов Орал жылу-электр орталығындағы газқұбырлы электр станциясындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуына арналған рәсімде мәлімдеді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Оралдан.

  • 17 Қыркүйек 2004
  • 564
Фото - Caravan.kz

Н.Әшімовтың айтуынша, мұндай мүмкіндікке Орал жылу-электр орталығында қуаты 28 МВт-ты құрайтын газқұбырлы электр станциясының құрылысы мен Қарашығанақ кенішінде қуаты 40 МВт-тық төртінші энергоблок құрылысы саланып біту нәтижесінде қол жеткізілмекші. Аталмыш екі нысан да алдағы жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде Батыс Қазақстан облысы тұтынылатын электр қуатының 80 процентін өз күшімен өндіреді.

Орал жылу-электр орталығындағы газқұбырлы электр станциясының құрылысы Жапонияның «Тохоку Электрик Пауэр» энергетикалық компаниясының қолдауымен салынуда. Жапонияның «Хитачи» компаниясының жабдықтары Оралға биылғы жылдың маусым айында жеткізілген. Жоба құны 27 млн. долларға бағаланып отыр.
Жобаның ашылу салтанатына арнайы келген Жапонияның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Тосио Цунодзакидің айтуынша, «бұл жоба тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ, бүкіл жер шарынң экологиясы үшін де тиімді». Жоба бойынша қуат үнемдеу технологиясы пайдаланылады. Батыс Қазақстан облысы әкімінің пікірінше, аталмыш электр станциясында пайдаланылатын жабдықтардың техника-экономикалық көрсеткіштері аса жоғары. Олардың кепілді қызмет ету мерзімі 25 жылды құрайды.

Перейти к новостям спорта