Мәжіліс төрағасы Қазақстан парламентінің төменгі палатасы депутаттарының сайлауын қадағалауға келген шетелдік бақылаушылармен бірқатар кездесулер өткізеді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс төрағасы Қазақстан парламентінің төменгі палатасы депутаттарының сайлауын қадағалауға келген шетелдік бақылаушылармен бірқатар кездесулер өткізеді

Мәжіліс төрағасы Қазақстан парламентінің төменгі палатасы депутаттарының сайлауын қадағалауға келген шетелдік бақылаушылармен бірқатар кездесулер өткізеді

Ертең , 18-қыркүйекте мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай Қазақстан парламентінің төменгі палатасы депутаттарының 19-қыркүйекке межеленген сайлауын қадағалауға келген шетелдік бақылаушылармен бірқатар кездесулер өткізеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қыркүйек 2004
  • 725
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, 18-қыркүйекте мәжіліс спикері Франция парламенті сенатының депутаты Эмери де Монтескью, Еуропарламент депутаттары Джон Боуис, Струан Стивенсон, Брайан Монтейт және Николь Смитпен кездеседі.

Сондай-ақ, ертең мәжіліске Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымы Парламенттік ассамблеясындағы Бельгиялық өкілдердің жетекшісі, сенаттың әділеттілік жөніндегі комитетінің вице-төрағасы Х. Ковелиерс пен өкілдер палатасының қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы Ф.-К. де Доннеа келмек.
Сондай-ақ, мәжіліс төрағасы Еуропалық Кеңес Парламенттік Ассамблеясының депутаттары Тадеуш Ивински (Польша), Тана де Зулуета (Италия), Йожеф Екеш (Венгрия), Андрэ Кваккестад (Норвегия), Игорь Глуховскийлермен (Ресей) кездесуді жоспарлаған.
20-қыркүйек, дүйсенбіде Ж.Тұяқбай салық және инвестициялар жөніндегі халықаралық орталықтың президенті Даниел Витт, осы ұйымның қызметкері Дуглас Таунсенд, Орталық Азия және Кавказ институтының директоры Фредерик Старр мырзалармен жүздеседі.
Сондай-ақ, бұл күні палата төрағасы Түркия парламентінің депутаттарымен, атап айтсақ, Түркия-Қазақстан парламентаралық достық тобының төрағасы Реджеп Озелмен және Сыры Озбек, Мухаррем Ескипан, Мехмет Али Озполат, Омер Арасыл сынды депутаттармен кездесіп сұхбаттасады.

Перейти к новостям спорта