"Асар" партиясының лидері осы жолғы сайлау алдындағы науқан барысында бұрынғыдай "лас технологияларды" пайдалану доғарылмай отырғанын атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" партиясының лидері осы жолғы сайлау алдындағы науқан барысында бұрынғыдай "лас технологияларды" пайдалану доғарылмай отырғанын атап өтті

"Асар" партиясының лидері осы жолғы сайлау алдындағы науқан барысында бұрынғыдай "лас технологияларды" пайдалану доғарылмай отырғанын атап өтті

Кеше, 16-қыркүйекте "Асар" партиясының лидері Дариға Назарбаева Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының елшісі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюросының Қазақстандағы сайлауға бақылау жасау жөніндегі ұзақ мерзімді миссиясының жетекшісі Роберт Берримен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне партияның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Қыркүйек 2004
  • 446
Фото - Caravan.kz

Сұхбат барысында Р.Берри осы жолғы сайлау алдындағы науқан кезінде «лас технологияларды» пайдалану доғарылмай отырғанына алаңдаушылық білдірді. Елші ұйым бақылаушыларының сайлау науқанын, соның ішінде халықтың саяси белсенділігі мен дауыс беру барысын, БАҚ-тардың сайлау туралы ақпарат тарату жұмысын және дауыс санау барысын жіті қадағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ, миссия жетекшісінің айтуынша, бұл жолғы сайлаудың бір ерекшелігі сол , биыл Қазақстанда тұңғыш рет электронды дауыс беру жүйесі қолданылады, сол себепті сайлаушылардың жаңалыққа деген сенімін сақтап қалудың маңызы аса зор.

Ал Д.Назарбаева өз кезегінде «Асар» партиясы сайлауға тұңғыш рет қатысқалы отырғанын, мәжіліс депутаттығынан үміткерлер сайлау алдындағы додаға белсенділікпен кіріскенін, сол себепті республикада заң талаптары сақталуының маңызын ерекше атады. «Асар» партиясының төрайымы депутаттықтан үміткерлер арасындағы сайлау алдындағы күрес әділ болуы тиіс екенін атап өтті. Ол сондай-ақ, өз сөзінде елімізде сайлау қарсаңындағы алашапқын кезінде «лас технологияларды қолданудан» бас тартылмай отырғанын тілге тиек етті.

Перейти к новостям спорта