Қазақ-Өзбек шекарасының Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының аумағы арқылы өтетін демаркациялық сызығы 90 процент айқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақ-Өзбек шекарасының Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының аумағы арқылы өтетін демаркациялық сызығы 90 процент айқындалды

Қазақ-Өзбек шекарасының Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының аумағы арқылы өтетін демаркациялық сызығы 90 процент айқындалды

Кеше, 16-қыркүйекте Қазақстан мен Өзбекстанның үкіметтік комиссиялары қазақ-өзбек шекарасының Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының аумағы арқылы өтетін демаркациялық сызығын нақтылау жұмыстарын аяқтады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкіметтік комиссияның мүшесі Бексейіт Дүйсебаев хабарлады.

  • 17 Қыркүйек 2004
  • 740
Фото - Caravan.kz

Комиссиялардың бірлескен жұмыстарының төртінші раунды қыркүйектің 13 мен 16 аралығында жалғасқан. Қазақстандық өкілдерді төтенше тапсырмалар жөніндегі елші Мұрат Атанов, өзбекстандық өкілдерді республикалық басқарманың жер ресурстары жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары Александр Страдзе басқарады.

Комиссиялар жұмысының барысында елді мекендер арқылы өтетін шекара сызығының шегі нақтыланды. Қазіргі жағдаймен Сарыағаш ауданындағы шекара сызығы 90 процентке анықталды. Мақтаарал аударына таяу жердегі шағын учаске бойынша жұмыстар үкіметтік комиссиялардың келесі жұмыс бабындағы кездесуі барысында жалғасады. Кездесу мерзімі туралы ақпарат соңыра нақтыланады.
Б.Дүйсебаевтың хабарлауынша, шекаралық елді мекендер бойынша демаркациялық сызық үйлердің аулалары арқылы емес, көшелер арқылы өтеді. Демаркациялық сызық белгіленген шекара шегінен ауытқып кеткен жер учаскелерін паритетті бөлісу туралы тараптар келісімге келді. «Сарыағаш ауданындағы демаркациялық сызықты нақтылау — мемлекеттік шекара сызығын айқындау барысындағы ең ауыр жұмыстар санатында болатын, сол себепті оны нәтижелі болды деуге негіз бар»,- деді Б.Дүйсебаев.
Оңтүстік Қазақстан облысында шекаралық бағандарды орнату жұмыстары жалғасуда. Бағандар 300 шақырымдай шекара сызығын бойлай орнатылды. Өзбекстан жағы қазіргі жағдаймен 15 баған тұрғызды. Қазақ-өзбек шекарасының Оңтүстік Қазақстан облысы арқылы өтетін бөлігінің ұзындығы 1000 шақырымға жуық.

Перейти к новостям спорта