Алматыда жасанды ақшалар партиясы әшкереленді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жасанды ақшалар партиясы әшкереленді

Алматыда жасанды ақшалар партиясы әшкереленді

Алматыдағы базарлардың бірінде Жетісу аудандық тәртіп сақшылары жасанды ақшалар партиясын әшкереледі,- деп хабарлайды Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз қызметі.

  • 17 Қыркүйек 2004
  • 509
Фото - Caravan.kz

Базардағы саудагерлердің бірі күні бойы тапқан тиын-тебендерінің арасынан жасанды ақша тауып алған. Оның хабарламасы бойынша базарға келген «Боран» жасағы мен қылмыстық іздестіру бөлімінің қызметкерлері саудагерге жасанды ақшаны беріп кеткен бір контейнер қожайынын ұстады.

Контейнерге жүргізілген тінту барысында тағы да бірнеше жасанды ақша купюралары табылды. Жалпы алғанда 5 мың теңгелік 12 купюра, 10 мың теңгелік алты купюра шықты.
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта