Бақылаушылар мәжіліс төрағасына өз мақсаттары мен міндеттері туралы әңгімелей отырып, республика халқы мен депутаттықтан үміткерлердің «саяси белсенділігі анағұрлым арта түскенін» атап өтті. ТМД Парламентаралық Ассамблеясы кеңесінің бас хатшысы Михаил Кротов Достастықтың интеграциялық ұйымдары әзірлеген ұйымға қатысушы елдердің сайлауды әділ әрі ашық өткізу жөніндегі біртұтас стандарттарының маңызын атап өтті. «Демократиясы жаппай мойындалған көптеген елдердің өзінде қоғам тарапынан сайлау барысын қадағалау тетіктері жоқ екенін ескерсек, бұл нормалардың құндылығы тіптен арта түседі»,- деді М.Кротов.
Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар алдағы сайлауға деген басты талап — оның Қазақстан заңдарына сәйкестігі екенін атап көрсетті.