Қазақстан Тәжікстандағы Сангтудин Су электр станциясын салуға 30 млн. доллар бөлмек - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Тәжікстандағы Сангтудин Су электр станциясын салуға 30 млн. доллар бөлмек

Қазақстан Тәжікстандағы Сангтудин Су электр станциясын салуға 30 млн. доллар бөлмек

Қазақстан Тәжікстандағы Сангтудин Су электр станциясын салу жөніндегі консорциумға бірігуге пейіл. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев 16-қыркүйекте Астанада Тәжікстан мемлекет басшысы Эмомали Рахмоновпен кездесуі барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне Тәжікстан президентінің баспасөз қызметінен.

  • 17 Қыркүйек 2004
  • 410
Фото - Caravan.kz

«Қазір қазақстандық мамандар қаржылық мүмкіндіктерді бағалау үстінде. Болашақта біздің Рогун су электр станциясын салуға да инвестиция салмақ ниетіміз бар»,- деді президентпен жеке кездесуде Н.Назарбаев. Алғашқы сатыда Қазақстан Сангтудин Су электр станциясын салуға 30 млн. доллар бөлмек.

Кездесу барысында тараптар екі жақты қарым-қатынастарды дамытуға қатысты басқа да бірқатар мәселелерді пысықтады. Сонымен бірге Э.Рахмонов саммит аясында Астанада Тәжікстан Республикасы елшілігінің жаңа ғимаратының ашылу рәсіміне де қатысты. Ғимараттың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Тәжікстан президенті екі мемлекет арасындағы түрлі саладағы қарым-қатынастарды одан әрі тереңдету қажеттігін атап өтті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Тәжікстандағы Сангтудин бірінші Су электр станциясын салып бітіру нәтижесінде ТМД аясындағы болжамды электр энергиясының тапшылығы мөлшерін қысқартуға жағдай жасалады. Арзан энергияны негізінен Ресей тұтынады. Электр энергиясы бұл елге Өзбекстан мен Қазақстан арқылы транзитті жеткізілмек. Техника-экономикалық негіздеме нәтижесіне жүгінсек, бүгінге дейін 120 млн. доллар инвестиция жұмсалған Сангтудин Су электр станциясын салып бітіру үшін қосымша 350-520 млн. доллар қаржы қажет.

Перейти к новостям спорта