Полицияның мәліметіне сәйкес, топты бұған дейін бірнеше мәрте сотталған жергілікті тұрғын басқарған. Ол облыстың әр ауылдарының тұрғындарынан малдарын алдап алуды әдетке айналдырса керек. Өзіне сыбайластар ретінде әлгі әккі сезім-жүйке ауруларының диспансерінде тіркеуде тұрған жандарды таңдайтын болған. Алда-жалда полиция мал тонаушылардың ізіне түсе қалған жағдайда қол астындағы «сарбаздары» жауапкершілікті өз мойнына алатындақтан, полиция оларды сотқа тарта алмайтын көрінеді. Топ тек жылқы түлігін тонауды кәсіпке айналдырған.
Барымташылар тобы 7 адамнан құралады. Олардың ішінде бұған дейін қарақшылығы мен жасанды құжаттар дайындағандығы үшін сотталған топ жетекшісі ғана елірмелер санатында жоқ көрінеді. Полицияның мәліметіне сүйенсек, қазіргі жағдаймен топтың 7 тонаушылық оқиғасына қатыстылығы дәлелденіп отыр.